Accessibility links

Петропавл түбіндегі Заречный ауылын су басты


Солтүстік Қазақстан облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).
Солтүстік Қазақстан облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Есіл өзенінде су деңгейі көтеріліп, Петропавл түбіндегі Заречный ауылын су басты. Ауылдағы бірнеше үй мен ондаған саяжай су астында қалды. Жергілікті тұрғындар үйлерінде түнеуге қорқатынын айтады. Тұрғындардың кейбірі Азаттыққа бір отбасының жергілікті мектептің спорт залына уақытша орналасқанын айтады. №13 орта мектеп директорының орынбасары Алла Красновская қажет болған жағдайда мұнда 35 адамға орын дайындалғанын хабарлады.

Тасыған Есіл өзенінің суы Заречныйды қаладан бөліп тастады. Ауыл республикалық маңызды Челябі - Новосібір жолына жақын орналасқан. Есіл өзенінде арнасынан тасыған су осы жолға құйыла бастаған. Қазір жолда көлік қозғалысы жабылған.

Бұған дейін ақпарат құралдарында Солтүстік Қазақстан облысында су тасу қаупі туындағандықтан сегіз аудан мен Петропавл қаласында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланғаны хабарланған. Су тасу кезеңі басталған 28 наурыздан бері барлығы 30 елді мекен мен қалада жүздеген үйді еріген қар суы басты.

XS
SM
MD
LG