Accessibility links

Қарағандының экс-әкімі мерзімінен бұрын босатылды


Мейрам Смағұлов, Қарағандының бұрынғы әкімі.
Мейрам Смағұлов, Қарағандының бұрынғы әкімі.

Қарағандының бұрынғы әкімі, экс-премьер Серік Ахметовтің ісі бойынша сотталған Мейрам Смағұлов мерзімінен бұрын шартты түрде босатылды деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі.

Қарағандының Қазыбек би аудандық соты Смағұловтың өзін мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішін қанағаттандырған. Сот қаулысында Смағұловтың жаза мерзімінің жартысын өтегені және түрмеде өзін "жақсы қырынан көрсеткені" айтылады. Сот Смағұловтың жазасының қалған бөлігі - бес ай 18 күнді сынақта жүруге белгілеген.

Смағұлов шағымына шаруа қожалығы басшысының өзін босап шыққан соң фермасына басқарушылық жұмысқа алатыны туралы хатын тіркеген.

Сот қаулысы әлі күшіне енбеген және оған қарсы тарап қарсылық білдіріп, я апелляциялық инстанцияға шағымдануы мүмкін.

Мейрам Смағұлов 11 желтоқсанда Серік Ахметовтің ісі бойынша "қызмет бабын теріс пайдаланды" және "заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтірді" деген айыптармен үш жылға сотталған. Сот оның дүние-мүлкін тәркілеп, мемлекеттік қызмет атқаруына 5 жылға дейін тыйым салған.

XS
SM
MD
LG