Нидерланд парламенті Еуропа Одағының Украинамен ассоциация орнату туралы келісімінен бас тарту ұсынысын қолдамады. Парламент Социалистік партияның ЕО-ның Украинамен ассоциациясы туралы келісімін мақұлдаудан бас тарту ұсынысын қабылдамай тастады.
Парламенттің төменгі палатасындағы 150 депутаттың 75-і келісімнен бас тарту ұсынысына қарсығ 71-і қолдап дауыс берді. 6 сәуірде Нидерландыда өткен референдумда сайлаушылардың 61 пайызы келісімге қарсы дауыс берген. Бірақ ол референдумның заңдық күші болмады.
Келісімді ЕО-ның өзге 27 мемлекеті мақұлдап қойған. Нидерланд парламентінің қос палатасы да келісімді өткен жылы ратификациялап қойғандықтан қазір ол Нидерландының өзінде ішінара күшіне енген.