Accessibility links

Кувейтте Йемен бейбіт келіссөзі басталады


Сауд Арабиясы бастаған коалицияның әуе шабуылдарынан қираған Йеменнің әл-Худейда қаласы.
Сауд Арабиясы бастаған коалицияның әуе шабуылдарынан қираған Йеменнің әл-Худейда қаласы.

Кувейтте бүгін БҰҰ-ның ара ағайындығымен Йемендегі қақтығысты тоқтату туралы бейбіт келіссөз басталады. Келіссөз Сауд Арабиясы қолдайтын Йемен үкіметі мен Иран жақтайтын шииттік хусит көтерілісшілері арасындағы қақтығысты реттеуді көздейді.

Келіссөз әуелде 18 сәуірге жоспарланған еді. Бірақ хуситтер делегациясы Кувейтке келе алмағандықтан ол кейінге қалдырылған. БҰҰ хуситтер мен оларды қолдайтын бұрынғы президент Әли Абдулла Салехтың делегациясы 20 сәуірде Оман астанасы Мусраттан Кувейтке ұшып кеткенін растады.

Йеменде 10 сәуірде қақтығысты тоқтату туралы бітім күшіне енген. Бірақ екі жақ та бір-бірін бітімді бұзып, оқ атты деп айыптайды.

Хусит көтерілісшілері Йемен астанасы мен елдің біраз бөлігін басып алған Сауд Арабиясы мен Парсы шығанағындағы араб елдері 2015 жылы наурызда хусит көтерілісшілеріне қарсы әуе шабуылдарын бастаған.

БҰҰ дерегінше, қақтығыстан 6 мың 400-ден астам адам қаза тауып, 2,8 миллион адам үйлерін тастап қашуға мәжбүр болған.

XS
SM
MD
LG