Accessibility links

Маңғыстау ІІД: Облыстағы наразылық жайлы видео шындыққа жанаспайды


Маңғыстау облысының аумақтық картасы.
Маңғыстау облысының аумақтық картасы.

Маңғыстау облыстық ішкі істер департаменті (ІІД) «Ақтаудағы митинг» туралы әлеуметтік желілер арқылы таратылған видео шындыққа жанаспайды деп мәлімдеді. Бұл туралы ақпаратты Азаттыққа бүгін облыстық ІІД бастығының орынбасары Алдыриза Қуанышкереев растады.

«Бұл ақпарат шындыққа сай емес. Облыста жағдай тұрақты, құқық органдары өкілдері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі қызметін әдеттегідей атқарып жатыр» деп хабарлады полиция өкілі.

ІІД әлеуметтік желілер арқылы «Ақтаудағы митинг» деген сипаттамамен тараған видеоны зерттеп, оны таратушыларды анықтау мақсатында жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады. «Қолданыстағы заң бойынша, жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік жүктеледі» деп ескертеді полиция.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде бір жерде «Маңғыстаудағы митинг», енді бірде «Құлсарыдағы жерді сатуға қарсы шеру» деген атаулармен тараған видеода ымырт жабылған мезгілде у-шу айғайлап жүрген көп адам, сол жерде тұрған полиция көліктері бейнеленген. Әлдекімнің жұртты «тыныш тарауға» шақырған дауысы да естіледі.

XS
SM
MD
LG