Accessibility links

Геннадий Головкин Доминик Уэйдті екінші раундта жеңді


Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин 23 сәуірде (Алматы уақыты бойынша 24 сәуір) америкалық Доминик Уэйдпен рингте кездесіп, бәсекелесін екінші раундта нокаутпен жеңді. Оған дейін Головкиннің соққысынан Уэйд екі рет нокдаун алды.

Осылайша Геннадий Головкин орта салмақ дәрежесінде WBA (Super), IBO және WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағын сақтап қалды.

Бүгінгі жекпе-жек - Геннадий Головкиннің кәсіпқой бокстағы 35-кездесуі. Қазақстандық боксшы олардың барлығында жеңіске жеткен. Соның ішінде 32 жекпе-жекте Головкин бәсекелестерін нокаутпен ұтқан.

Ал америкалық Доминик Уэйд осыған дейін өткізген 18 рет кездесуінің бәрінде жеңіске жеткен еді. Бұл жолы Уэйд кәсіпқой бокста алғаш рет жеңіліп қалды.

Бұған дейін Геннадий Головкинге бүгінгі жеңісі үшін екі миллион доллар сыйлық, Уэйдке - 500 мың доллар беріледі деп хабарланған.

XS
SM
MD
LG