Сирияның Алеппо қаласында үкімет әскері мен көтерілісшілер арасында қайта басталған ұрыста кем дегенде 26 адам қаза тапты. Сирияның адам құқығына мониторинг жасау орталығы (Syrian Observatory for Human Rights немесе SOHR) көтерілісшілер бақылайтын аудандағы базарды атқылау кезінде 12 адам мерт болған. Құрбандардың арасында балалар да бар.
Алеппоның үкімет күштері бақылайтын ауданындағы атыстан 10 адам қаза тапқан.
Женевада келесі аптада Сириядағы үкімет күштері мен Сирия президенті Башар Асад билігіне қарсы түрлі топтар арасындағы соғысты тоқтату мүмкіндіктері жөнінде келіссөз жалғасады.