Accessibility links

АҚШ-та Круз бен Кейсик Трампқа қарсы бірікпек


АҚШ президенттігіне Республикашыл партия атынан түсуге кандидаттар - Техас штатынан сайланған сенатор Тед Круз (сол жақта) бен Огайо штатының губернаторы Джон Кейсик
АҚШ президенттігіне Республикашыл партия атынан түсуге кандидаттар - Техас штатынан сайланған сенатор Тед Круз (сол жақта) бен Огайо штатының губернаторы Джон Кейсик

АҚШ президенттігіне Республикашыл партия атынан түсуге кандидаттар - Техас штатынан сайланған сенатор Тед Круз бен Огайо штатының губернаторы Джон Кейсик Дональд Трамптың кандидаттығына қарсы шығу үшін күш біріктірді. Круз бен Кейсик республикашылдар атынан кандидаттықтан үміткерлер арасында алда тұрған Трампқа күшті бәсеке туғызу үшін кейбір штаттарда сайлауалды кампаниясында бір-бірімен бәсекеге аса көңіл бөлмеуге ниетті. Бұл туралы Круз бен Кейсиктің сайлауалды штабының өкілдері мәлімдеді.

Тед Круздың өкілі Джефф Ро Орегон мен Нью-Мексико штаттарындағы праймеризде Кейсикке жол ашу үшін өзінің сайлауалды штабы уақыты мен күшін Индиана штатындағы алғашқы сайлауға жұмсайтынын айтты. Кейсиктің сайлауалды штабы өкілдері де осындай мәлімдеме жасады.

Трамптың республикашыл партия атынан президенттікке түскенін қаламайтын кейбір республикашылдардың өкілдері бірнеше аптадан бері осындай әдіс жасауға шақырып келеді.

ИНдиана штатындағы праймериз Индиана штатында 3 мамырда, Орегон штатында 17 мамырда, Нью-Йоркте 7 маусымда өтеді.

Республикашыл партия атынан ресми кандидат 18-21 маусымда партияның Кливлендте өтетін құрылтайында жарияланады.

АҚШ-та президент сайлауы 8 қарашаға белгіленген.

XS
SM
MD
LG