Accessibility links

Ашраф Ғани Пәкістанды "Талибанмен" күреске шақырды


Ауғанстан президенті Ашраф Ғани парламент алдында сөйлеп тұр. Кабул, 25 сәуір 2016 жыл.
Ауғанстан президенті Ашраф Ғани парламент алдында сөйлеп тұр. Кабул, 25 сәуір 2016 жыл.

Ауғанстан президенті Ашраф Ғани Пәкістанды "Талибан" қозғалысына қарсы күрес бастауға шақырып, бұған дейінгі бұл ұйымды келіссөзге көндіру әрекетінен бас тартты. Ғани бұл мәлімдемесін бүгін, Кабулде парламентте жасады. Кабулде бір апта бұрын "Талибан" шабуылынан 60 адам қаза тауып, 300-ден астам адам қаза тапқан.

Ашраф Ғани Кабул енді Исламабад ауғандық талибтерді келіссөзге отырғызады деп үміттенбейтінін айтты. Ол Исламабад "жетекшілері Пәкістанда отырған қозғалысқа қарсы әскери операция жасауы керегін жеткізді.

Ауғанстан билігі бұған дейін Исламабад "Талибанның" Ауғанстандағы қанаты Пәкістанның Ауғанстанмен шекарасында орналасқанына көз жұма қарайды деп мәлімдеген. Ауғанстан, Пәкістан, Қытай мен АҚШ өткен айларда Кабул мен "Талибан" арасындағы бейбіт келіссөзді қайта бастауға әрекеттенгенімен, одан нәтиже шықпаған.

XS
SM
MD
LG