Accessibility links

Ресей әскери кемелері Каспий теңізінде жаттығу бастады


Каспий теңізіндегі Ресей әскери кемесі (Көрнекі сурет).
Каспий теңізіндегі Ресей әскери кемесі (Көрнекі сурет).

Ресейдің Каспий флотилиясының жиырма сегіз әскери кемесі Каспий теңізінде әскери жаттығу бастады. Бұл туралы Ресей Оңтүстік әскери округінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған "Интерфакс-АВН" агенттігі хабарлады.

Жаттығуға "Дагестан" зымыран кемесі, "Град Свияжск", "Углич", "Великий Устюг" шағын зымыран кемелері мен "Волгодонск", "Махачкала" шағын артиллериялық кемелері және катерлер қатысып жатыр.

Әскери жаттығу кезінде кемелерден теңіздегі, жағалаудағы және әуедегі нысаналарға зымыран мен артиллериялық қарудан оқ атылмақ. Ресейлік әскерилер бұған қоса "Калибр-НК" зымыран кешені мен А-190 және "Дуэт" артиллериялық қондырғыларынан да зымыран атпақ.

2015 жылы күзде Ресей Каспий флотилиясындағы зымыран кемелерінен Сириядағы "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы шептерін "Калибр-НК" қанатты зымырандарымен атқылаған.

XS
SM
MD
LG