Accessibility links

Филиппинде содырлар Канада азаматының басын алды


Джон Ридсдел, Филиппинде "Абу Сайяф" тобы содырлары кепілге алып, өлтірген Канада азаматы.
Джон Ридсдел, Филиппинде "Абу Сайяф" тобы содырлары кепілге алып, өлтірген Канада азаматы.

Канада премьер-министрі Джастин Трюдо Филиппинде "Абу Сайяф" экстремистік тобы содырларының канадалық азамат Джон Ридсделдің басын алғанын айыптап, кісі өліміне жауапкершілік оны кепілген алғандардың мойнында екенін мәлімдеді.

Ридсдел 2015 жылдың қыркүйегінде кепілге алынған. Филиппин полициясының мәліметінше, оның пластик пакетке салынған басын екі ер адам мотоциклмен Жоло қаласында көшеге тастап кеткен.

Ридсдел мен тағы бір канадалық Роберт Холл, шипажайдағы қонақүй иесі, норвегиялық Кьяртан Секкингстад және Филиппин азаматы Маритес Флорды содырлар Самал аралындағы айлақта яхтадан ұстап әкетіп, кепілге алған. Содырлар егер талап еткен ірі көлемдегі ақша 25 сәуір күні күндізгі сағат 3-ке дейін төленбесе бір адамның басын алатынын айтып, доқ көрсеткен.

"Абу Сайяф" тобы 1990 жылдардың басында елдің католиктер басым тұратын оңтүстігінде мұсылман көтерілісшіл қозғалысының бір бөлігі ретінде пайда болған. Топ бірнеше рет адам ұрлап, бопсалау арқылы ақша тапқан. Топтың әскери әлеуеті үкімет күштері жүргізген операциялардан соң біраз әлсірегенімен, бопсалау мен кепілдегілерді сату арқылы түскен қаржымен әрекет етіп жатыр.

АҚШ пен Филиппин "Абу Сайяфты" террористік ұйымдар тізіміне қосқан.

XS
SM
MD
LG