Accessibility links

Ердоғанға "тіл тигізген" журналист сотталды


"Джумхуриет" басылымының бас редакторы Джан Дундар (оң жақта) мен оның әріптесі Эрдем Гюль.
"Джумхуриет" басылымының бас редакторы Джан Дундар (оң жақта) мен оның әріптесі Эрдем Гюль.

Түркияның жетекші оппозициялық "Джумхуриет" басылымының бас редакторы Джан Дундарға ел президенті Режеп Тайып Ердоғанға тіл тигізді деген айыппен 10 мың АҚШ доллары көлемінде айыппұл салынды. Дундардың адвокатының айтуынша, журналиске қарсы іс оның 2013 жылы үкіметтегі коррупциялық жанжалға қатысты жазған материалымен байланысты қозғалған. Соттың айыппұл салуына не себеп екені ресми түрде айтылмады. Заңгер сот үкіміне шағымданатынын айтады.

Дундар Twitter-дегі аккаунтында "Егер шындықты ашу қылмыс саналса онда біз қылмыс жасауды жалғастыра береміз" деп жазды. Бас редактор мен оның әріптесі Эрдем Гюльге Түркияның сириялық көтерілісшілерге қару-жарақ жеткізгені туралы мақаласы үшін "үкіметті құлатуға әрекеттенді" деген айыппен тағы бір іс қозғалған. Айыпты деп танылған жағдайда оларға өмір бойына бас бостандығынан айырылу жазасы кесілуі мүмкін.

Түркияда президентке тіл тигізу айыбымен барлығы екі мың адамға іс қозғалған. 24 сәуірде елде Түркиядан шыққан, Ердоған туралы сыни мақалалар жазып жүрген нидерландылық журналист ұсталған. Германия билігі телеэфирде Ердоған туралы сатиралық поэма оқыған неміс комигіне қарсы қылмыстық іс қозғауға келіскен. Түркия оны шетел басшысына тіл тигізгені үшін соттауды талап етеді.

XS
SM
MD
LG