Accessibility links

Бурылдағы бала өліміне қатысты сот үкімі шықты


Халық толқуы болды деген Бурыл ауылындағы көшеге жиналған адамдар. Жамбыл облысы, Байзақ ауданы. 17 ақпан, 2016 жыл.
Халық толқуы болды деген Бурыл ауылындағы көшеге жиналған адамдар. Жамбыл облысы, Байзақ ауданы. 17 ақпан, 2016 жыл.

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер сотында Бурыл ауылындағы кішкентай баланы өлтіруге қатысты қылмыстық істе үкім шықты.

Жергілікті агенттіктердің хабарлауынша, іс бойынша 1998 жылы туған Дурсун Каваз-оглы "кісі өлтірді" деп айыпталып, 12 жылға сотталды. Сот бұған қоса айыпталушыны жәбірленушінің отбасына моральдық шығын ретінде 3 миллион теңге өндіріп беруге үкім еткен.

15 ақпанда Байзақ ауданының Бурыл ауылында жер үйде кішкентай баланың азаптап өлтірілген мәйіті табылған. Келесі екі күнде ауылда толқу болып, полиция күшейтілген жұмыс тәртібіне көшкен. Ауылға арнайы жасақ сарбаздары әкелініп, көшеде кезекшілік жасаған.

Кісі өліміне қатысты күдікті келесі күні ұсталған. Полицияның мәліметінше, күдікті қылмысын мойындаған және қылмыс тұрмыстық сипатта болған. Полиция күдікті қылмысты қаза тапқан баланың үйіне ұрлыққа түскеннен кейін жасаған дейді.

XS
SM
MD
LG