Accessibility links

Тбилиси: Мәскеумен қатынаста батыстық бағыттан таймаймыз


Грузия премьер-министрі Георгий Квирикашвили.
Грузия премьер-министрі Георгий Квирикашвили.

Грузия премьер-министрі Георгий Квирикашвили өз елі Мәскеумен кейбір байланысын қалпына келтіріп жатқанына қарамастан батысшыл саясатты ұстана беретінін мәлімдеді. Associated Press агенттігіне берген сұхбатында Квирикашвили Грузияның болашағы Еуропа Одағымен және НАТО-мен байланысты екенін айтты. Оның сөзінше, бұл - "Грузия халқы бекінген жол".

Георгий Квирикашвили Вашингтонға сапармен барып, АҚШ вице-президенті Джо Байденмен, Дүниежүзілік банк президенті Джим Ем Киммен және Халықаралық валюта қорының өкілдерімен кездескен. Квирикашвили - миллиардер Бидзина Иванишвилидің жақын серігі. Иванишвилидің "Грузия арманы" партиясы 2012 жылы сайлауда президент Михаил Саакашвили үкіметін алмастырған.

Жаңа үкімет Батыспен экономикалық, саяси және әскери интеграциялануға арналған реформаларды жалғастырған. Саакашвилиден кейінгі билік бұған қоса 2008 жылы тамызда Ресеймен болған қысқа уақыттық әскери қақтығысқа қарамай Мәскеумен экономикалық қатынастарды қалпына келтіріп, шиеленістерді шешуге тырыса бастаған. 2008 жылғы жанжалдан соң Ресей Грузияның жікшіл екі аймағы - Абхазия мен Оңтүстік Осетияның тәуелсіздігін мойындаған.

"Бұл бізге көршіміз - Ресеймен қатынасымызды қалпына келтіру қажет емес дегенді білдірмейді. Бірақ біздің территориялық тұтастығымыз бен тәуелсіз шешімдерімізге нұқсан келтірмейміз" деді Квирикашвили.

XS
SM
MD
LG