Accessibility links

Касьянов: Мәскеуде оппозиция мүшелерінің бірін ұрлап әкетті


ПАРНАС партиясының мүшесі Михаил Конев.
ПАРНАС партиясының мүшесі Михаил Конев.

Ресейдің оппозициялық ПАРНАС партиясының басшысы Михаил Касьянов Мәскеуде өзінің жақын серіктерінің бірі, партияның жастар қанатының жетекшісі Михаил Коневті белгісіз адамдар ұрлап әкеткенін мәлімдеді. Касьянов Facebook-тегі парақшасында Коневті 26 сәуірде әскери комиссариатқа шақырылған жерінде үш адам күшпен көлікке отырғызып алып кеткенін жазды.

Оппозционер Коневті әкеткен көліктің суретін де жариялады. Суретте көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі анық көрінеді. Касьянов партиясы оқиғаның дереу тергеліп, серігінің босатылуын талап ететінін мәлімдеді.

ПАРНАС Кремльдің саясатына ашық қарсы шығады. 2015 жылы ақпанда Мәскеудің орталығында партияның тең төрағаларының бірі, бұрынғы вице-премьер Борис Немцовті атып кеткен.

XS
SM
MD
LG