Accessibility links

Бельгия Абдесламды Францияға экстрадициялады


Салах Абдеслам.
Салах Абдеслам.

Бельгия 2015 жылы қарашада Парижде болған терактілерді ұйымдастырудағы басты күдікті Салах Абдесламды Францияға экстрадициялады. Екі ел прокуратурасы күдікті 27 сәуірде экстрадицияланғанын растады.

26 жастағы Абдеслам 18 наурызда Брюссельде арнайы операцияда ұсталған. Ұсталғанға дейін ол іздеуде, ұстатпай жүрген.

2015 жылы 13 қарашада Парижде бірнеше болған терактілерден 130 адам қаза тауып, ондаған адам жараланған.

Тергеушілер Абдеслам өздеріне Парижде болған терактілерді үйлестіргенін, Парижде стадионда өзін жарып жіберуді жоспарлағанын, бірақ соңғы сәтте ойынан айнып қалғанын айтты дейді.

XS
SM
MD
LG