Accessibility links

Ресейде "Сирияға кетпек болған" қазақстандық сотталды


"Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының туы (Көрнекі сурет).
"Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының туы (Көрнекі сурет).

Ресейде Қазақстаннан шыққан этникалық армян азаматы Вазген Заргарьян "Сириядағы қарулы қақтығысқа қатыспақ болды" деген айыппен сотталды. Дондағы Ростовтың Солтүстік Кавказ аймақтық әскери соты Заргарьянды "Сириядағы "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымына кетпекке бірнеше рет тырысты" деп айыптап, екі жарым жылға соттады.

Алматылық 24 жастағы Заргарьян 2015 жылы Дондағы Ростовта "Түркияға кетпек болғанында" ұсталған.

Қазақстандықтардың Сирияға «жиһадқа» кете бастағаны туралы алғашқы ақпарат екі жыл бұрын қазан айында «150 қазақ жиһадшысы»атты видеомен шыққан еді. Одан кейін де Сирияға кеткен қазақстандықтар, олардың «​ж​иһадшы балалары»​ туралы бірнешевидеолар жарияланған. Былтыр Қазақстан билігі ИМ қатарында 300 қазақстандық бар, оның жартысы әйелдер деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG