Accessibility links

Еревандағы жарылысты жасаған адам анықталды


Ереванда жарылған автобус. 26 сәуір 2016 жыл.
Ереванда жарылған автобус. 26 сәуір 2016 жыл.

Армениялық тергеушілердің мәліметінше, Ереванда 25 сәуірде автобусты жарған 55 жастағы адам қаза тапқан екі адамның бірі болған. Ресми билік күдікті Руден Балян бомбаны мұның алдында ұрсысып қалған туыстарын жару үшін алып бара жатқан дейді.

Тергеуші Сона Трюзян күдікті Балян бомбаны алып баратын жеріне жетпей байқамай жарып жіберген болуы мүмкін дейді. Тергеушілер жарылыс орнында табылған SIM-картаның иесін анықтаған. Балянның үйін тінту кезінде жарылғыш заттар мен детонаторлар табылған.

XS
SM
MD
LG