Accessibility links

Ресей "Восточный" айлағынан алғашқы зымыранын ұшырды


"Восточный" ғарыш айлағына орнатылған "Союз 2.1а" зымыран тасығышы. Ресей, 27 сәуір 2016 жыл.
"Восточный" ғарыш айлағына орнатылған "Союз 2.1а" зымыран тасығышы. Ресей, 27 сәуір 2016 жыл.

Ресей 28 сәуірде Амур облысында жаңадан салынған "Восточный" ғарыш айлағынан бірінші рет "Союз 2.1а" зымыран тасығышын ұшырды. Үш спутникті тіркеген зымыран тасығыш әуелде 27 сәуірде ұшырылуы тиіс болған. Бірақ ұшуға бірер минут қалғанда зымыранның автоматтық жүйесі ұшырылымды өздігінен тоқтатқан.

Зымыран Астана уақыты бойынша сағат 8:01-де ұшырылды. Зымыран ұшыруды Ресей президенті Владимир Путин бақылады. Ол Қиыр Шығысқа ұшырылымды бақылауға 27 сәуір күні барған. Алғашқы әрекет сәтсіз болған соң ол тағы бір күнге қалған.

Путин алғашқы әрекетте зымыранның ұшпай қалуына ғарыш саласының басшыларын қатаң айыптап, ғарыштық бағдарламада "кедергі мен іркілістер көп екенін" айтты.

Бірақ ол зымыранның сәтті ұшырылғанын мақтап, алғашқы ұшырылмның болмай қалуын "ғарыш саласындағы қалыпты техникалық ақау" деп атады. "Ең маңыздысы - ғарыш айлағы жұмыс істеп тұр" деді Путин.

"Восточный" ғарыш айлағы болашақта Ресейдің Қазақстанның Байқоңыр ғарыш айлағына тәуелділігін азайту үшін салынған.

XS
SM
MD
LG