Accessibility links

Алматының Алғабас шағын ауданында 14 үй суда қалған


Қарағайлы елді мекенінде болған су тасқыны. Алматы, 23 шілде 2015 жыл. (Көрнекі сурет.)
Қарағайлы елді мекенінде болған су тасқыны. Алматы, 23 шілде 2015 жыл. (Көрнекі сурет.)

Алматының Алатау ауданы Алғабас елді мекенінде Қарғалы өзені арнасынан асып, 14 үйді су басқан. Бұл туралы Қазақстан ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің (ІІМ ТЖК) баспасөз қызметі ақпарат таратты.

«29 сәуірде кешкісін Қарғалы өзенінде су деңгейі көтерілуі салдарынан Алатау ауданы Алғабас шағын ауданында 14 үйді су алды», - деп хабарлады ІІМ ТЖК реми өкілі Руслан Иманқұлов.

Төтенше жағдай аймағында 70 адам және 17 техниканың күшімен Қарғалы өзені жағасы мен тұрғын үйлердің айналасына құмға толы қаптар төселіп жатқаны хабарланды. Су басқан жерге 45 тонна сусыма материал және екі мыңнан астам қап апарылған.

Бұған дейін төтенше жағдай қызметі жауын-шашынның көбеюі салдарынан Алматы облысында өзендерде су тасу қаупі болуын ескертіп, смс-хабаралмасын жіберген. Алматыда сенбіге қараған түні басталған жаңбыр әлі жауып тұр.

XS
SM
MD
LG