Accessibility links

Иранда парламент сайлауының екінші кезеңінде реформаны қолдайтындар озды


Иранда парламент сайлауының екінші кезеңіне дауыс беруге келген әйелдер. 29 сәуір 2016 жыл.
Иранда парламент сайлауының екінші кезеңіне дауыс беруге келген әйелдер. 29 сәуір 2016 жыл.

Иранда парламент сайлауының екінші кезеңінде реформаны жақтайтын және тәуелсіз кандидаттар жеңіске жеткен сыңайлы. «Фарс» агенттігінің хабарлауынша, дауыс берудің алдын ала нәтижесі бойынша, реформаны қолдайтындарға кемінде 33 орын тисе, консерваторлар – 21, тәуелсіз кандидаттар – 14 орын иеленген.

Иран азаматтары парламент сайлауының екінші кезеңіне жұма күні дауыс берген. Алғашқы кезеңнен кейін қалған 68 депутаттық мандатқа ие болу үшін 136 кандидат бәсекеге түскен еді. Дауыс беру 55 сайлау округі бойынша өткен.

26 ақпанда өткен парламент сайлауының алғашқы кезеңінде Иран президенті Хассан Роуханиді қолдайтын реформашылар мен тәуелсіз кандидаттар елеулі жеңіске жеткенімен, 290 орындық парламентте көпшілік орынға ие бола алмаған еді.

Иранда жаңадан сайланған парламенттің алғашқы отырысы 27 мамырда өтпекші.

XS
SM
MD
LG