Accessibility links

Бердібек Сапарбаев: "Жер сатуға" қарсы шеруге "Батыс ақшасының" қатысы болуы мүмкін


Бердібек Сапарбаев. Алматы. 23 шілде, 2016 жыл.
Бердібек Сапарбаев. Алматы. 23 шілде, 2016 жыл.

Ақтөбе тұрғындарымен сенбі күні кездесіп, Жер кодексіндегі өзгерістерді түсіндірген облыс әкімі Бердібек Сапарбаев соңғы аптада елдің бірнеше аймағында болған «жерге сатуға қарсылық» шерулеріне «Батыс ақшасының» қатысы болуы мүмкін деп мәлімдеген. Бұл туралы жергілікті «Диапазон» басылымы хабарлаған.

– 27 сәуірдегі шеру (Ақтөбедегі - Азаттық) заңсыз болды. Біз ешкімді қудалаған жоқпыз, бірақ белсенділерге: «Ондай жағдайды қайталамаңдар. Егер қайталайтын болсаңдар заң алдында жауап бересіңдер» деп ескерттік. Біз неге Батысқа тығылған біреулердің айтқанын тыңдауымыз керек? Неге біз Батыстың ақшасына жұмыс істеуіміз керек? Ұлт намысы қайда? – деген Сапарбаевтың сөзін келтірген басылым.

Жер туралы заңдағы шетелдіктерге жерді жалға беру мерзімінің 10 жылдан 25 жылға дейін ұлғайтылуына қатысты сұраққа жауабында Бердібек Сапарбаевтың «бізге қаржы қажет» деп жауап бергенін және «егер қаржы құятын болса – мейлі, австралиялықтар я ирандықтар болсын – оларға алғыс айтамыз» дегені туралы жазады жергілікті газет.

– Көбінде ештеңе жоқ, не техника, не ақша жоқ. Ал 24 жылдың ішінде олардың қожайындары түк бітірген жоқ және ештеңе бергісі келмейді. Біз қай жақтан келсе де, шетелдік кәсіпорындармен бірлесіп жұмыс істеуді қолдаймыз. Ең бастысы – бізге қаржы керек! – деген Ақтөбе облысының әкімін сөзін келтірген «Диапазон» басылымы.

Кездесу барысында билік 2016 жылы Қытайдың CNPC компаниясы Ақтөбеде 1 миллиард 300 миллион теңгеге жастар сарайын салуды жоспарлап отырғанын хабарлаған. Бердібек Сапарбаев «Қытайды мақтамайтынын» айтқан, бірақ «солардың арқасында бізде отын бекетінде газ литрінің бағасы 20-28 теңге», ал 19 жылдың ішінде компания «9 миллиард 100 миллион доллар әкелді» деп мәлімдеген.

«Диапазон» басылымының жазуынша, әкіммен кездесу өткен Достық үйінің айналасын жай киім киген адамдар қоршап, ғимарат жанында арнайы техника тұрған.

XS
SM
MD
LG