Accessibility links

Fitch агенттігі Қазақстанның кредиттік рейтингін төмендетті


Fitch Ratings агенттігі логотипі.
Fitch Ratings агенттігі логотипі.

Fitch Ratings агенттігі Қазақстанның несие рейтингін BBB+ деңгейінен BBB деңгейіне түсірген. Агенттік мұны мұнай бағасының арзандауы Қазақстан экономикасына теріс ықпал етіп отырғандығымен түсіндірген. ВВВ рейтингі мемлекеттің төлем қабылеті ортадан төмен деңгейде дегенді білдіреді.

Әлемдік нарықта мұнай бағасының күрт құлдырауы әсерінен қаңтар айында теңге бағамы ең төменгі шамаға түскеннен бергі кезеңде Қазақстанның несиелік рейтингі осымен үшін рет төмендетіліп отыр. Рейтинг агенттігінің есебі бойынша, мұнай бағасының арзандауы салдарынан елдің кредиторларға борышы 2015 жылғы жалпы ішкі өнімнің 22,1 пайызына тең көлемге жеткен. Сонымен бірге 2014 жылы жалпы ішкі өнімнің 13,9 пайызы деңгейінде болған қарыз көлемі күрт ұлғайғаны байқалған.

Fitch бұған қоса Қазақстан экономикасы биыл бір пайызға кемиді деген болжам жасаған. Агенттік Қазақстан рейтингісінің төмендеуі себебін наурыз айында инфляция деңгейі жоғары – 15,7 пайызға жеткенімен де түсіндірген.

XS
SM
MD
LG