Accessibility links

Иракта жарылыстардан 18 адам қаза тапқан


Ирак картасы. (Көрнекі сурет.)
Ирак картасы. (Көрнекі сурет.)

Ирактың оңтүстігінде 1 мамыр күні автокөліктегі екі жарылыстан кемінде 18 адам қаза тауып, 40 шақты адам жараланған деп мәлімдеді Ирак ресми өкілдері. Бұл жарылыстарға «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының қатысы болуы мүмкін деген болжам бар.

Алғашқы жарылыс жергілікті өзін өзі басқару ғимараты жанында болған, екіншісі – Самава қаласының орталығындағы автобус бекетінен шамамен 60 метрдей жерде жасалған.

«Ислам мемлекеті» экстремистік тобы негізінен Ирактың солтүстігі мен батысындағы сүнниттер қоныстанған аудандарды бақылауында ұстап отыр. Ал шииттер басым тұратын оңтүстік аймақтарда шабуылдар сирек жасалады.

XS
SM
MD
LG