Accessibility links

Солтүстік Корея бұқаралық салттарға уақытша тыйым салды


Солтүстік Корея астанасы Пхеньянның көрінісі. (Көрнекі сурет)
Солтүстік Корея астанасы Пхеньянның көрінісі. (Көрнекі сурет)

Солтүстік Корея билігі азаматтардың үйлену тойы мен жерлеу салты сияқты шараларына уақытша тыйым салды. Ел үкіметіндегі дерек көзіне сілтеме жасаған ақпарат құралдарының дерегінше, бұл тыйым елдегі еңбекшілер партиясының жетінші съезі қарсаңындағы қауіпсіздік шараларына байланысты.

Yonhap агенттігі мәліметінше, съезге дайындыққа байланысты ел астанасы Пхеньянға кіру шектелген, азаматтардың жүріп-тұруына, Қытаймен шекарада бақылау күшейген.

Солтүстік Кореядағы билеуші партияның жиыны 6 мамырда басталады. 36 жылдан кейін өткелі отырған бұл съезде ел саясатының ішкі және сыртқы бағыттары жоспары қабылдануы керек.

XS
SM
MD
LG