Accessibility links

Австралиялық кәсіпкер: Биткоинды мен ойлап тапқанмын


Австралиялық кәсіпкер Крэйг Райт биткоин (Bitcoin) виртуальдық валютасын ойлап тапқан адам өзі екенін мәлімдеді.

Биткоинды ойлап тапқан Сатоси Накамото деген адам 44 жастағы Райттың бүркеншік есімі болуы мүмкін деген болжам былтырдан бері айтыла бастаған. Крэйг Райт дүйсенбі күні ВВС, Economist пен GQ тілшілеріне берген сұхбатында бұл мәліметтің рас екенін айтты. Ол 2009 жылы биткоин енді дами бастаған кезде қолданылған ерекше цифрлық қолтаңбаны да көрсетті.

Ақпарат құралдары 2008 жылы крипто валютаны ойлап тапқан Сатоси Накамото деген адамның кім екенін бұған дейін анықтай алмаған. Бұл Крэйг Райттың бүркеншік есімі болуы мүмкін деген болжамды 2015 жылы Wired және Gizmodo журналдары айтқан.

XS
SM
MD
LG