Accessibility links

Джон Керри: Сирия мәселесінде түсінісіп қалдық


Сауд Арабиясының сыртқы істер министрі Адел әл-Жубейр (сол жақта) мен АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри. Женева, 2 мамыр 2016 жыл.
Сауд Арабиясының сыртқы істер министрі Адел әл-Жубейр (сол жақта) мен АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри. Женева, 2 мамыр 2016 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри "Ислам мемлекеті" экстремистік тобымен күресіп жатқан коалициядағы әріптестермен және Ресеймен өткен келіссөздерде Сирия дағдырысын шешуді түсінісуге таядық" деп мәлімдеді бүгін Женевада Сауд Арабиясының сыртқы істер министрі Адел әл-Жубейрмен кездесуі қарсаңында.

Ал Әл-Жубейр Алепподағы зорлық-зомбылықтың үдеуін айыптап, ондағы оқиғаларды "гуманитарлық заңдарды бұзу" деп мәлімдеді. Ол Сирия президенті Башар Асад билігін соңғы аптада Алеппоны бомбалаған кезде қаза тапқан жүздеген адамның өліміне айыпты көреді. Әл-Жубейрдің айтуынша, "Сириядағы қақтығысты реттеу барысында Асад қызметінен кетуі керек, әйтпесе оны күшпен кетіреді".

Сириядағы ахуалды ертең Мәскеуде Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен БҰҰ-ның Сирия бойынша келіссөздердегі арнайы өкілі Стеффан де Мистура да талқылайды.

XS
SM
MD
LG