АҚШ қорғаныс министрі Эштон Картердің сөзінше, НАТО Ресейдің ықтимал басқыншылық саясатын тежеу үшін Балтық бойы елдері мен Польшаға әскер орналастыру мүмкіндіктерін қарастырып жатыр. Бұл туралы ол журналистерге НАТО-ның Еуропадағы қолбасшылық штабы орналасқан Штутгартқа бара жатқан жолда айтты.
Картердің айтуына қарағанда, альянс ротациялық ненізде төрт батальон немесе төрт мың әскер ұстауы мүмкін. Бұл әскер - АҚШ Шығыс Еуропаға жіберуге уәде еткен америкалық 4 мың 200 әскериден бөлек және оларға қатысы болмайды. АҚШ қорғаныс министрі НАТО әскерін орналастыру идеясы альянстың маусымдағы саммитінде белгілі болмақ.