Қырғызстан үкіметі Өзбекстан бұған дейін пайдаланып келген 12 нысанды өз иелігіне қайтарып алды деп хабарлады үкіметтің шекара мәселелері бойынша арнайы өкілі Құрбанбай Искандаровқа сілтеме жасаған Азаттықтың Қырғыз редакциясы.
Қырғызстан иелігіне қайтарылған нысандар арасында Жалал-Абад облысындағы Орто-Токой су қоймасы, Үлкен Наманган, "Чуст", Сол жағалаудағы Нарын каналдары, Баткен облысындағы Сох-Шаймерден, Лаган каналдары, Ош облысындағы Керкидон су қоймасына құятын канал мен Савал каналы мен тағы бірнеше нысан бар.
Искандаровтың сөзінше, қазір трансшекаралық территорияларда орналасқан тағы төрт нысанды қайтарып алу және Ыстық-Көл облысындағы төрт өзбек пансионатын ("Рахат", "Дилором", "Золотые пески" және "Бустон") қайтару жұмыстарын жасап жатыр.