Accessibility links

БҰҰ-да Алеппода бітім орнату жайы талқыланады


Соғыстан қираған Алеппо қаласы. Сирия, 2 мамыр 2016 жыл.
Соғыстан қираған Алеппо қаласы. Сирия, 2 мамыр 2016 жыл.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі 4 мамырда Сирияның солтүстігіндегі Алеппо қаласында бітімнің бұзылғанын талқылайды. Алеппода соңғы апталарда БҰҰ әрекеттеріне қарамастан үкімет күштері мен оппозицияшыл көтерілісшілер арасында кескілескен ұрыс жүрген.

Франция мен Ұлыбритания жиын өткізуге шақырса, Ресей Алеппода бұзылған бітімді қалпына келтіруге күш салып жатқанын айтады.

Францияның БҰҰ-дағы елшісі Франсуа Делаттр Алеппоны Сирия президенті Башар Асадқа "жанкештілікпен қарсылық танытып жатқан орталық" деп сипаттап, қаланы Босния соғысы кезіндегі Сараеводағы шайқасқа теңеді.

"Алеппо қирап жатыр және біздің бұл қалаға баса мән бергеніміз маңызды болып тұр" деді Ұлыбританияның БҰҰ-дағы елшісі Мэтью Рикрофт.

Кеңестің 15 мүшесі БҰҰ-ның жоғары саяси мәселелер жөніндегі өкілі Джеффри Фельтманның Алепподағы соңғы екі аптада болған шабуылдар, оның ішінде әуе соққылары мен одан құрбан болғандан туралы есебін тыңдамақ.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеуде 3 мамыр күні БҰҰ-ның Сирия істері жөніндегі өкілі Стаффан де Мистурамен кездесуден соң Алеппода бітім орнатуға күш салып жатқанын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG