Accessibility links

ЕО мигранттарды қабылдамаған елдерге айыппұл салуды ұсынды


Грекиядағы мигранттар (Көрнекі сурет).
Грекиядағы мигранттар (Көрнекі сурет).

Еуропа комиссиясы Еуропа Одағына (ЕО) мүше елдерді басқа мемлекеттердің босқын мәртебесін сұраған азаматтарын қабылдауға міндеттеуді немесе көп көлемде айыппұл салуды ұсынды. Бұл ұсынысқа ЕО-ның мигранттарды мемлекеттерге барынша теңдей етіп бөлу саясатын қолдамайтын Польша, Венгрия, Чехия сияқты елдері бірден қарсылық білдірді.

Мигранттарды ЕО-ға алғаш кіргендегі елінен босқын мәртебесін сұрауға міндеттейтін Дублин ережесі өткен жылы - ЕО-ға 1 милилоннан астам мигрант келген кезде күшін жойған. Мигранттардың көпшілігі ЕО-ға Грекия арқылы келеді.

Тым көп мигрантты қабылдай алмаған Грекия олардың Еуропаның әлдеқайда дамып кеткен Германия, Швеция сияқты елдеріне кетуіне кедергі болмаған. Бұдан соң Грекиядан шыққан мигранттардың Германияға баратын жолында орналасқан елдер қиын жағдайға тап болған. Мұның кесірінен визасыз режим орнаған Шенген аймағына кіретін елдер шекарада бақылау орнатқан.

XS
SM
MD
LG