Accessibility links

АҚШ шабуылынан ИМ-нің насихатшы содырының көзі жойылды


Нейл Пракаш ИМ-нің үгіт-насихат видеоларының бірінде.
Нейл Пракаш ИМ-нің үгіт-насихат видеоларының бірінде.

Иракта америкалық әуе шабуылдары нәтижесінде "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының қатарына кісі тартатын содырдың көзі жойылды деп хабарлады Австралия билігі. АҚШ Австралия билігін осы ел территориясындағы бірнеше шабуылға қатысы бар Нейл Пракаш Ирактың Мосул қаласында 29 сәуірде жасалған әуе шабуылынан қаза тапқанынан хабардар еткен. Нейл Пракаш бұрын АҚШ-қа қарсы жалғыз адамдық шабуыл жасауға шақырған.

Австралияның Мельбрун қаласынан шыққан Нейл Пракаш ИМ журналдары мен үгіт-насихат видеоларында жиі шығып, австралиялық ерлерді, әйелдер мен балаларды теракт жасауға шақырған. Өткен жылы Австралия Пракашқа қаржылай көмек көрсеткені үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастыратын санкцич салған. Кейбір мәліметтер бойынша, БҰҰ-ның санкциялық тізіміне іліккен Пракаш 2014 жылы Сирияға кетіп қалған.

АҚШ үкіметі Сирияда 22 сәуірде америкалық әуе шабуылдарынан ИМ-ге қатысы бар Австралия азаматының көзі жойығанын мәлімдеген. Шади Джабар Халил Мохаммад пен оның судандық күйеуі Абу Саад әл-Судани ИМ қатарына шетелден адам тартатын негізгі адамдар болған және Батыс елдеріне қарсы шабуылдар жасауға шақырған.

XS
SM
MD
LG