Accessibility links

Назарбаев жер туралы заң өзгертулеріне мораторий жариялады


Қазақстан президент Нұрсұлтан Назарбаев. Алматы, 1 мамыр 2016 жыл.
Қазақстан президент Нұрсұлтан Назарбаев. Алматы, 1 мамыр 2016 жыл.

Қазақстанда жер туралы заңға енгізілген бірқатар өзгерістерге мораторий жарияланды. Бұл туралы бүгін Ақордада өткізген кеңес барысында президент Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеген. Кеңеске парламент палаталары төрағалары, премьер-министр, президент әкімшілігінің басшысы, үкімет мүшелері мен мемлекеттік органдар басшылары қатысты деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Жер кодексінің қоғамдық резонанс тудырған кейбір нормаларын, атап айтқанда былтыр енгізілген төрт норманы күшіне енгізуге келер жылға дейін мораторий жариялаймын. Алдымен бұл мәселені зерттеп, халыққа түсіндіріп, парламентпен бірге талқылап барып бірегей шешім қабылдап, тек сонан соң ғана мораторийді аламыз. Ал олай болмаса, мораторий алынбайды» деді Назарбаев.

Сонымен бірге Назарбаев «халыққа ұнамайтын заң ережелерін» алып тастаудың зардабы боларын да түсіндіру қажет деп біледі.

«Бірақ түсіндіру керек, оны (заң өзгерістерін – Азаттық.) алып тастаған соң ауылшаруашылығына қандай мүшкілдік болатынын. Оны әрине, ана далада жүрген дихандар ғана біледі, егін егіп отырған, мал жайып отырған, асфальтта жүріп айғайлағандар емес» деді ол.

Назарбаев жер туралы заң баптарына мораторий жариялады
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:21 0:00

Назарбаев жер заңына қатысты даулы мәселелер бойынша ұстанымдарды айқындап, парламентке ұсыну үшін үкімет жанынан бірінші вице-премьер Бақытжан Сағынтаев жетекшілік ететін комиссия құруды тапсырды.

Бұған дейін үкіметтің 1 шілдеден бастап ауылшаруашылығы жерлерін азаматтарға жеке меншікке аукцион арқылы сату және шетелдіктерге жалға беру мерзімін 10 жылдан 25 жылға дейін ұзарту жоспарынан соң Қазақстанның бірнеше аймағында қарсылық акциялары өткен. Белсенділер 21 мамырда бүкіл ел көлемінде «жер сатуға» наразылық шерулерін өткізетіні туралы мәлімдеген.

Жер заңына даулы өзгерістерді былтыр күзде үкіметтің ұсынысымен парламент қабылдап, президент бекіткен.

XS
SM
MD
LG