Accessibility links

Өзбек фототілшісі Гавел сыйлығын иеленді


Өзбекстандық фотограф Умида Ахмедова
Өзбекстандық фотограф Умида Ахмедова

5 мамырда халықаралық Human Rights Foundation ұйымы 2016 жылғы Вацлав Гавел атындағы "Шығармашылық қарсылығы үшін" сыйлығына өзбекстандық фотограф Умида Ахмедова, ирандық карикатурашы Атена Фаргадани және ресейлік суретші Петр Павленский ие болғанын жариялады. Лауреаттарға сыйлықтары 25 мамырда Ослода өтетін Еркіндік форумында табыс етілмекші.

Бас кеңсесі Нью-Йоркте орналасқан коммерциялық емес ұйымның бұл сыйлығына бұрынырақ ие болғандардың ішінде қытайлық суретші Ай Вэйвэй мен мьянмалық саясаткер Аун Сан Су Чжи сияқты белгілі адамдар бар. Ұйым дүние жүзі бойынша саяси, жеке бас және экономикалық еркіндікті қорғаушыларды дәріптейді.

Human Rights Foundation вебсайтында биылғы лауреаттарын таныстырып тұрып, Фаргаденидің ирандық депутаттарды әжуалап карикатура салғаны үшін 12 жылға сотталып, ар-ождан тұтқыны атанғанын, биылғы 3 мамырда ғана босап шыққанын жазады.

Павленский 2015 жылғы қарашада "146 миллион адамды қорқытып-үркітіп ұстап отыр" деген сеніммен Мәскеудегі ФСБ кеңсесінің есігін өртеп жіберіп, сотталып жатыр.

Ал Ахмедова Өзбекстанның ауылдық жерлері мен шынайы тұрмысын көрсететін фотолары үшін "елдің имиджіне нұқсан келтірді" деген сынға қалып, үкіметтің кәріне жиі ілініп жүр. Умида Ахмедованың Азаттық сайтында жарияланған фотогалереяларын және видеоларын мына жерде көре аласыздар.

XS
SM
MD
LG