Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев елде ақпарат және коммуникация министрлігін құруды тапсырды. Бұл туралы Назарбаев Ақордада өткен үкіметтің кеңейтілген жиынында айтты. Назарбаевтың сөзінше, аталған министрлікке кез-келген бұқаралық ақпарат құралы кеңістігіне, оның ішінде интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерге өзекті мәселелерге жауап беру мақсатында мониторинг жасау міндеттері жүктелуі керек.
"Үкіметте ақпараттық саясат саласын ешкім бақыламайды, мемлекеттің ақпараттық жұмысқа бөлінетін қаржысы бақыланбайды. Қазіргі ақпараттық қауіп-қатердің алдын алып, бес реформаны тиімді түрде алып жүру үшін уәкілетті орган - ақпарат және коммуникация министрлігін қайта қалпына келтіріп, құруды тапсырамын" деді Назарбаев.