Accessibility links

Дәурен Абаев ақпарат және коммуникациялар министрі болып тағайындалды


Дәурен Абаевтың президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы кезіндегі суреті.
Дәурен Абаевтың президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы кезіндегі суреті.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Дәурен Абаев жаңадан құрылған ақпарат және коммуникациялар министрі болып тағайындалды. Бұл туралы бүгін Ақорда баспасөз қызметі хабарлады. Абаев осы кезге дейін президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы болып істеген.

Назарбаев жаңа министрлік құру туралы бейсенбі күні Астанада өзі өткізген үкіметтің кеңейтілген кеңесінде мәлімдеген. Ол жаңа министрлікке «мейлінше өткір мәселелерді жедел анықтап, әрекет ету және интернет ресурстары мен әлеуметтік желілердің ақпараттық кеңістігі мониторингін жүргізу, өзекті тақырыптар мен мәселелер бойынша қоғамдық пікірді зерттеу» міндеті жүктелетінін айтқан. Бұған қоса Назарбаев «барлық түрдегі БАҚ-тардың меншік иелері өз жауапкершілігін түсінуі тиіс […] қазір ымыраласып отыруға уақыт тар, біз елді сақтауымыз керек» деп мәлімдеген.

Бұған дейін БАҚ қызметін реттеп келген мәдениет және ақпарат министрлігі 2010 жылы мәдениет және спорт министрлігі болып қайта құрылған. Кейін оның қызмет міндеті мәдениет және спорт министрлігі мен көлік және коммуникация министрлігіне бөлініп берілген. Жаңа министрлік пайда болғанға дейін БАҚ қызметін инвестиция және даму министрлігі құрамындағы комитет реттеп келген.

XS
SM
MD
LG