Accessibility links

Евпаторияда полиция бір топ қырым татарларын ұстағаны хабарланды


Ресей полициясы Симферополь маңындағы Молодежное кентінде жұма намазынан шыққан қырым татарларын ұстап жатыр. Қырым, 6 мамыр 2016 жыл.
Ресей полициясы Симферополь маңындағы Молодежное кентінде жұма намазынан шыққан қырым татарларын ұстап жатыр. Қырым, 6 мамыр 2016 жыл.

Ресей Украинадан бөліп өзіне қосып алған Қырым түбегіндегі Евпатория қаласында 7 мамыр күні ресейлік полиция қызметкерлері 25 қырым татарын ұстап, тергеу алып барған деп хабарлады Азаттықтың Крым.Реалии сайты журналист Осман Пашаевқа сілтеме жасап.

«Барлығын қаладағы полиция бөлімшесіне тергеуге апарып, саусақ таңбаларын алған. Оларды орталық базар мен «Восточка» мейрамханасы маңында ұстаған. Ұсталғандардың бірі – қырым татарлары» деп жазады Facebook желісіндегі парағында Осман Пашаев. Журналистің ақпараты бойынша, құқық органы өкілдері қырым татарларын Краснодарда жасалған ауыр қылмыс бойынша жүргізілген операция аясында ұстағандарын айтқан.

«Евпаторияда қырым татарларын жаппай ұстауды Краснодарда отбасын өлтіріп кеткен қылмыскерлерді қармау операциясымен түсіндірген. Ұсталғандарға қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр деп хабарлаған. «Неліктен полицияға жеткізілген жиырмадан аса адамның барлығы – қырым татарлары» деген сауалға: «Біз кішкентай адамдармыз, жоғарыдан бұйрық солай болды» деген жауап алған» дейді журналист.

Қырым татарларын ұстауға қатысты түбектегі ресейлік құқық органдары тарапынан ресми комментарий берілген жоқ.

XS
SM
MD
LG