Accessibility links

Канадада өрт алған аймақтан адамдарды көшіріп жатыр


Форт Макмюррей қаласы маңындағы өрт. Канада, 3 мамыр 2016 жыл.
Форт Макмюррей қаласы маңындағы өрт. Канада, 3 мамыр 2016 жыл.

Канада билігі елде өрт болып жатқан орманды алқаптары бар аудандардан тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіріп жатыр. Әсіресе Альберта провинциясындағы ірі мұнай кеніштеріне жақын орналасқан Форт Макмюррей қаласы қатты зардап шекті: 1600 үй мен өзге ғимараттар өртеніп кеткен. 80 мыңнан астам адам қаланы тастап шыққан.

Сенбіде полиция мен әскерилер кезекті автоколоннаны алып шығып, адамдарды әуе арқылы да тасымалдаған. Түнгі сағат бірдің шамасында төңіректі басқан қою түтін салдарынан адамдар орнынан қозғала алмай, түтіннің сейілуін күтуге тура келген деп хабарлайды жергілікті билік өкілдері.

Альберта провинциясындағы орманды алқаптарға тараған өрттің көлемі бір тәуліктен аз уақыттың ішінде 100 мың гектардан 156 мың гектарға дейін ұлғайған. Жергілікті ауыл және орман шаруашылығы департаменті өкілі Мэттью Андерсон өрт көлемі жақын уақытта екі есеге артуы мүмкін екенін айтады.

XS
SM
MD
LG