Accessibility links

Қанат Ислам 21-кездесуінде жеңіске жетті


Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам.

31 жастағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам АҚШ-тың Флорида штатындағы Лейкленд қаласында өткізген 21-кездесуін де жеңіспен аяқтады.

Бұл жолы ол колумбиялық боксшы Хуан де Анхельді алтыншы раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Қанат Ислам осымен 18 кездесуін мерзімінен бұрын аяқтады. Ол кәсіпқой боксқа ауысқалы рингте бәсекелесіне жеңіліп көрген емес.

Қанат Ислам осы жеңісінен кейін WBA Fedelatin нұсқасы бойынша Америка аймағы чемпионы атағын қорғап қалды. Бұл - оның кәсіпқой рингте қол жеткізген алғашқы және әзірше жалғыз белдігі.

XS
SM
MD
LG