Accessibility links

Порошенко: Ресей Украинасыз нацизмді жеңе алмас еді


Украина президенті Петр Порошенко.
Украина президенті Петр Порошенко.

Украина президенті Петр Порошенко Ресей екінші дүниежүзілік соғыста Украинасыз жеңіске жете алмаған болар еді деп мәлімдеді.

8 мамырда соғыс ардагерлерімен кездесуде Порошенко украиналықтар Қызыл армияның, советтік партизан құрамалары мен антигитлерлік коалицияға енетін өзге де елдердің қарулы күштерінің, сонымен бірге Украина көтерілісшілері армиясы бөлімшелерінің қатарында нацизмге қарсы күрескенін айтқан.

«Украиналықтарсыз бұл соғыста жеңіске жетпеген болар еді» деген Порошенко. Оның сөзі 2010 жылы Ресей президенті Владимир Путиннің екінші дүниежүзілік соғысқа қатысты «Ресейдің Германияны Украинасыз да жеңіп шығатын жеңімпаздар ел екені» туралы айтқанына жауап тәрізді естілді.

Екінші дүниежүзілік соғысқа Ресей мен Украина СССР құрамындағы одақтас республикалар ретінде қатысқан.

Еуропа елдерінің көпшілігіндегідей, Украинада былтырдан бастап 8 мамыр – еске алу және татулық күні болып белгіленген. 9 мамыр – нацизмге қарсы күрестегі Жеңіс күні мейрамы болып қалды.

Порошенкомен кездескен ардагерлер арасында соғысқа Қызыл армия құрамында және Украина көтерілісшілері армиясы (УПА) сапында қатысқан бұрынғы жауынгерлер болған.

XS
SM
MD
LG