Accessibility links

Грекия парламенті бірнеше реформаны мақұлдады


Биліктің реформасына наразылар. Грекия, 8 мамыр 2016 жыл.
Биліктің реформасына наразылар. Грекия, 8 мамыр 2016 жыл.

Грекия парламенті еуро аймағы елдері қаржы министрлерінің бұл елге қаржылық көмек көрсету жайын талқылар қарсаңда бірнеше реформа қабылдады. Грек парламентіндегі 300 депутаттың 153-і зейнетақының жинақ бөлігін азайтуды және кейбір кәсіпорындарға салатын салықты көбейтуді қолдады. Парламенттегі оппозиция бұл реформаларға қарсы болды.

Бүгін Брюссельде өтетін жиында "Грекия еуро аймағы елдерінің кезекті халықаралық қаржылық көмегін - 95 миллиард долларды алу үшін шартты қалай орындап жатыр" деген мәселе талқыланады. Бұған дейін Грекия қаржы министрі Эвклид Цакалотос Еуропа Одағы елдері қаржы министрлерінен Грекиядағы реформаны қолдауды өтінген.

Грекияда бұл реформаларға қарсы шерушілер мен полиция қақтығысып, полиция наразыларды жас ағызатын газбен атқан.

XS
SM
MD
LG