Accessibility links

Германияның Графинг қаласы вокзалында пышақпен қаруланған адамның шабуылына тап болып жараланған төрт кісінің бірі - 50 жастағы ер адам қайтыс болды.

Бүгін таңғы сағат 4.50 шамасында Мюнхеннің шығысындағы Графинг қаласы вокзалында белгісіз біреу пойыздағы жолаушыларға пышақ салып, төрт адамды жаралаған. Жарақат алағандардың бәрі - ер адамдар, жастары 43-58 аралығында.

Кейбір куәгерлер шабуыл жасаған адамның "Аллаһу әкбар" деп айғайлағанын айтады.

DPA агенттігінің дерегінше, шабуыл жасаған адам ұсталған, бірақ оның кім екені әлі айтылған жоқ. Sueddeutsche.de агентігінің Графинг мэрі Анжелика Обермайерға сілтеме жасап хабарлауынша, ұсталған адам - Германияның 27 жастағы азаматы.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG