Accessibility links

Ресейде "балаға қатігездік көрсеткен" мұғалім істі болды


Ресей мектептерінің біріндегі оқушылар. (Көрнекі сурет)
Ресей мектептерінің біріндегі оқушылар. (Көрнекі сурет)

Ресейдің Челябинск облысындағы Златоуст қаласы прокуратурасы ондағы мектептердің бірінің бастауыш сынып мұғаліміне қатысты "кәмелетке толмаған балаға қатігездік көрсету" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Ұстаз әйел "оқушыларға жазбаша үй жұмысын берді, қиын өлеңдерді күнде жаттатты, сабақ уақытын созып, үзілісті қысқартты, сабақ біткен соң оқушыларды оқыған материалдарын пысықтауға алып қалды, балаларды қорлады, дөрекі қарым-қатынас жасады" деп айыпталған.

Прокуратура оқушылардың бірінің ата-анасының аноним арызынан соң мұғалімге қарсы іс қозғаған. Айыбы дәлелденсе, мұғалімді үш жылға дейін соттауы мүмкін.

XS
SM
MD
LG