Accessibility links

Грузияда Сталиннің мүсіні бір күн ғана тұрды


Сталиннің Грузияның Гори ауданы Атени селосындағы мүсіні.
Сталиннің Грузияның Гори ауданы Атени селосындағы мүсіні.

Грузияның Гори ауданы Атени селосында кеше - Екінші дүниежүзілік соғыста фашистік Германияны жеңген күн - 9 мамыр мейрамы кезінде қойылған Сталиннің мүсінін бүгін алып астады.

Жергілікті тұрғындар СССР басшысы болған Иосиф Сталиннің 2009 жылы тұғырынан алынған мүсінін қалпына келтіріп, кеше орнына қойған.

Бірақ сейсенбіге қараған түні біреулер мүсінге қызыл бояу шашып кеткен, ал бүгін таңертең муниципалитет өкілдері мүсінді алып тастады.

Бұған наразы кей тұрғындар "бұл оқиға тек Сталинді ғана емес, ардагерлерді, сол соғыста қаза тапқандарды қорлайды" деп мәлімдеді.

Ал жергілікті билік Грузия аумағында советтік символикаға да нацистік және фашистік рәміздермен бірдей тыйым салынғанын мәлімдеді. Атенидегі Сталин мүсіні 2009 жылы Грузия парламенті" оккупацияға қарсы заң" қабылдап, советтік және фашистік символикаға тыйым салған соң алынған.

XS
SM
MD
LG