Accessibility links

Қырғыз түрмесінен қашқандар "күзетшіні сатып алған"


Түрмеден қашқандардың оққа ұшқан үшеуі.
Түрмеден қашқандардың оққа ұшқан үшеуі.

Қырғызстанның Шүй облысындағы СИЗО-50 қамау орнында отырған 9 тұтқын түрме қызметкерімен сөз байласып қашқан деп мәлімдеді Бішкек қаласы Свердлов аудандық сотында сөйлеген мемлекеттік айыптаушы. Оның сөзінше, түрме қызметкері 100 доллар мен 5 мың сом ақыға оларға көмектесуге уәде еткен.

Прокуратура дерегінше, Болот Құрбанахунов, Таалай Жұманов, Мұратбек Жұмашев, Бақыт Кенжеғұлов, Музафар Уринов, Алтынбек Итибаев, Азамат Мусуралиев, Эдил Абдрахманов пен Данияр Қадыралиев 2015 жылы 12 желтоқсан күні түнде қашпақ болып келісіп, түрме қызметкерімен уағдаласқан. Бірақ олар 2015 жылы 12 қазанда қашып кеткен. Түрмеден қашқандар жолдарын бөгеген төрт қызметкерді өлтірген.

Прокурор қашқындар Бішкекте теракт жасап, кейін "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымына қосылмақ болғанын айтады.

Милиция 9 адамның бесеуін ұстаған, төртеуі қолға түспей кеткен. Кейін ол төртеудің үшеуінің көзін жойып, біреуін ұстаған.

XS
SM
MD
LG