Accessibility links

АҚШ президенті Вьетнам мен Жапонияға барады


АҚШ президенті Барак Обама.
АҚШ президенті Барак Обама.

АҚШ президенті Барак Обама 21-28 мамыр аралығында Вьетнам мен Жапонияға барады деп хабарлады Ақ үй.

Бұл Барак Обаманың Азияға оныншы сапары болмақ. Ол әуелі Вьетнамға барып, екі елдің қарым-қатынасын талқыламақ. Обама ол елде азаматтық қоғам өкілдерімен және бизнесмендермен де жолығады.

АҚШ президенті Жапонияға сапары кезінде "Үлкен жетілік" елдерінің Исэ-Симада өтетін кездесуіне қатыспақ. Ол жиында әлемдегі экономикалық және қауіпсіздік мәселелері талқыланады. Обама Жапония премьер-министр Абэмен де жолығады, одан кейін Хиросимаға барады.

XS
SM
MD
LG