Accessibility links

Италияда терактілер жасауды жоспарлағандар ұсталды


Италия полицейлері (Көрнекі сурет).
Италия полицейлері (Көрнекі сурет).

Италия полициясы елде, Франция мен Ұлыбританияда шабуыл жасауды жоспарлаған астыртын топтарға қатысты тергеу аясында екі ауғандық пен бір пәкістандық азаматты ұстады. Прокурор Роберто Россидің мәлімдеуінше, шабуыл жасалатыны анық екеніне айғақ жоқ болғанымен, күдіктілердің оған дайындалғаны "айқын".

Күдіктілер арасында Ауғанстаннан шыққан 23 жастағы Хаким Насири мен 29 жастағы Гүлістан Ахмадзай бар.

Насириге халықаралық терроризм бойынша, Ахмадзайға заңсыз миграцияға жәрдемдесті деген айып тағылған. Кейбір мәліметтер бойынша,тұтқындалған үшінші адам - Пәкістаннан шыққан 24 жастағы Зулифгар Амджад да заңсыз миграцияға ықпалдасты деп айыпталған. Ұялы телефондарындағы фотолар мен видеолар күдіктілер Бари, Рим, Париж бен Лондонда жарылыстар жасамақ болды деп тұжырым жасауға мүмкіндік берген.

XS
SM
MD
LG