Accessibility links

Алматыда жауыннан топырақ жылжып, үй зақымданды


Алматының Қарағайлы елді мекенінде болған су тасқыны. 23 шілде, 2015 жыл (Көрнекі сурет).
Алматының Қарағайлы елді мекенінде болған су тасқыны. 23 шілде, 2015 жыл (Көрнекі сурет).

Алматының жоғарғы жағындағы Алатау шағын ауданында топырақ көшкіні жүріп, екі қабатты үйді ішінара зақымдады деп хабарлады жергілікті агенттіктер.

Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, бүгін сағат 10:30 шамасында топырақтың жаңбырдан қатты ылғалдануынан екі мың текше метрді құрайтын сазды лайлы жер жылжыған. Оның салдарынан Екі қабатты жеке меншік үйдің терезе ойығы жартылай қираған. Көшкіннен ешкім зардап шекпеген. Иманқұловтың сөзінше, топырақтың қатты ылғалданып жылжуына Алматыда бірнеше күн жауған жаңбыр себеп болған.

Қазір оқиға орнында құтқарушылар тазалау жұмыстарын жасап жатыр.

XS
SM
MD
LG