Accessibility links

Украинада Италияда ұрланған картиналар табылды


Украина президенті Петр Порошенко Веронада ұрланып, Украинадан табылған картиналар жанында. Киев, 11 мамыр 2016 жыл.
Украина президенті Петр Порошенко Веронада ұрланып, Украинадан табылған картиналар жанында. Киев, 11 мамыр 2016 жыл.

Украинада өткен жылы Италия мұражайынан ұрланған кенеп матаға салынған 17 картина табылды. Украина президенті Петр Порошенко 11 мамырда картиналарды көрсету кезінде елдің шекара қызметін операцияны сәтті өткізгенімен құттықтады. Картиналар құны 16 миллион еуродан асады. "Бұл арнайы операция әлемге Украинаның контрабанда және коррупциямен сәтті күресіп жатқанын көрсетеді" деді Порошенко.

Кейбір мәліметтер бойынша, картиналар Молдовамен шекарадан бір жарым километр жерден табылған. Украина билігіарасында Рубенс, Тинторетто және Писанеллоның еңбектері бар картиналарды айқындау үшін италиялық сарапшыларды шақырмақ.

Верона қаласындағы мұражайлардың біріне қойылған өнер туындыларын қарулы адамдар ұрлаған еді. Бұл іс бойынша Италия мен Молдова азаматтары ұсталған.

XS
SM
MD
LG