Ресей билігі Сирияның Хомс провинциясында ресейлік сарбаз атқылауға ұшырап, қаза тапқанын хабарлады. Ресей қорғаныс министрлігі 11 мамырда әскери қызметкер Антон Ерыгиннің ауруханада содырлар шабуылына ұшырап, алған жарақатынан қаза тапқанын хабарлады. Министрлік мәліметінше, Ерыгин Ресейдің Сириядағы бітімгерлік орталығының көліктерін алып жүрген.
Ақпарат құралдарының Латакия провинциясындағы Ресейдің Хмеймим әуе базасы өкіліне сілтеме жасап хабарлауынша, Ерыгин ауруханада екі күн жатқанын, ол қайтыс болған соң мемлекеттік марапатқа ұсынылғанын айтты.
Ресей ресми өкілінің сөзінше, Антон Ерыгин - Ресей өткен жылы қыркүйекте Сирияда әскери операциялар бастағаннан бері қаза тапқан тоғызыншы ресейлік сарбаз.